Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 19.02.2026
3"Е"сыныбы сабақтан тыс уақытында кітапханада білімдерін толықтыруда.
19
ақпан
2026
3"Е"сыныбы сабақтан тыс уақытында кітапханада білімдерін толықтыруда.
Кітапхана — тыныштық пен білімнің мекені. Оқушылар кітапханаға барып, өздеріне ұнаған кітаптарды таңдап, қызыға оқыды. Кітап оқу арқылы олар ой-өрісін кеңейтіп, жаңа ақпаратпен танысты. Мұндай шаралар балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырады.
Тазалық күніне орай 5 «Ә» сынып оқушылары кабинет ішінде тазалық жұмыстарын жүргізді.
19
ақпан
2026
Тазалық күніне орай 5 «Ә» сынып оқушылары кабинет ішінде тазалық
Тазалық күніне орай 5 «Ә» сынып оқушылары кабинет ішінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Оқушылар сынып бөлмесін толық ретке келтіріп, парталар мен орындықтарды сүртіп, терезе алды мен тақтаны тазалады. Сонымен қатар гүлдерге күтім жасап, сынып ішінің тазалығына жауапкершілікпен қарады. Аталған шара оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа және тазалық сақтауға тәрбиелейді. 5 «Ә» сыныбы әрдайым өз кабинеттерінің таза әрі жинақы болуына атсалысады.
Бейсенбі -тазалық күні.
19
ақпан
2026
Бейсенбі -тазалық күні.
19.02.2026ж Бейсенбі -тазалық күні Бұл күні мектепте тазалық пен тәртіпке көңіл бөлінетін күн. 9”Ә” сыныбының 3- топ мүшелері оқушылардың отыратын парта, орындықтарын тазалап, қоқыстарды арнайы жәшікке тастап, мектеп мүлкін өз орындарына жайғастырды. Тазалық- күні оқушылардың жауапкершілігін арттырып, ұқыптылыққа , еңбексүйгіштікке және ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Бейсенбілік тазалық жұмыстары мектеп ішіндегі тәртіпті сақтауға және айналаны таза ұстауға үлес қосады.
7 "Ә" сыныбы "Жақсылық жасап жарысайық" челленджін басқа сыныптарға жолдайды.
19
ақпан
2026
7 "Ә" сыныбы "Жақсылық жасап жарысайық" челленджін басқа сыныптарға
7 "Ә" сыныбы "Жақсылық жасап жарысайық" челленджін басқа сыныптарға жолдайды. Жақсылық жасаудан жарыс ұйымдастырсақ, әлеміміз мейірімге толар еді. Біреу игі іс бастаса, екіншісі одан қалыспай, тағы бір жақсылық жасар еді. Сонда қоғамымызда түсіністік пен сыйластық арта түсері анық. Сондықтан әрқайсымыз күн сайын ең болмағанда бір жақсы іс жасауды әдетке айналдырайық. Жақсылық жасап жарысайық! Өйткені жақсылық – адамдықтың белгісі.
9–10 сынып ұлдарының қатысуымен «Ұлдардың батылдығы мен мінез-құлқы – болашақ көшбасшының кепілі» тақырыбында тәрбиелік жиын өтті.
19
ақпан
2026
9–10 сынып ұлдарының қатысуымен «Ұлдардың батылдығы мен мінез-құлқы –
19.02.2026 күні мектебімізде 9–10 сынып ұлдарының қатысуымен «Ұлдардың батылдығы мен мінез-құлқы – болашақ көшбасшының кепілі» тақырыбында тәрбиелік жиын өтті. Жиынның басты мақсаты – жасөспірімдердің бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, жауапкершілік сезімін дамыту және өзін-өзі тәрбиелеудің маңызын түсіндіру болды. Жиынды мектеп директоры Т.Т. Танатов ашып, өз сөзінде ұлдардың мінез-құлқы мен жауапкершілігінің өмірдегі орнына, ар-ұят пен тәртіптің маңыздылығына тоқталды. Директор