Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 27.02.2026
10 «Г» сыныбының ұйымдастыруымен «Ізгілік нұры, алғыс шуағы» атты мерекелік концерт өтті ✨
27
ақпан
2026
10 «Г» сыныбының ұйымдастыруымен «Ізгілік нұры, алғыс шуағы» атты
27.02 күні 10 «Г» сыныбының ұйымдастыруымен «Ізгілік нұры, алғыс шуағы» атты мерекелік концерт өтті ✨ Концертке ұстаздар, ата-аналар және оқушылар қатысып, мерекенің шынайы жылуын бірге сезінді. Кеш барысында қазақ биі және ретро би, гитара сүйемелдеуімен орындалған ән, әсерлі көрініс, жүрекке жеткен хор және алғысқа толы өлеңдер оқылды. Әрбір нөмір ризашылық пен мейірімнің, құрмет пен сыйластықтың айқын көрінісіне айналды. Жүректерге жылу сыйлаған ерекше кеш болды 🤍 #ІзгілікНұры #АлғысШуағы
«Қазақ халқының салт- дәстүрлері: бесікке салу, тұсау кесер» тақырыбында  тәрбие шарасы  өтті.
27
ақпан
2026
«Қазақ халқының салт- дәстүрлері: бесікке салу, тұсау кесер»
27.02.2026 ж.күні №177 мектеп-гимназиясында 8 «Ә»- сыныптар арасында «Қазақ халқының салт- дәстүрлері: бесікке салу, тұсау кесер» тақырыбында тәрбие шарасы өтті. Тәрбие шарасының мақсаты «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт — дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт — дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына
Республикалық математикалық "Алтын Түлек"  олимпиадасының қалалық кезең жеңімпаздары
27
ақпан
2026
Республикалық математикалық "Алтын Түлек" олимпиадасының қалалық
Зерделі мектебі мен Алматы қаласы дарынды және талантты  балаларға арналған орталықпен бірлесе отырып ұйымдастырған республикалық математика пәні бойынша  " Алтын Түлек " олимпиадасынан 10- сынып оқушысы Думанұлы Бауыржан 2 орын алды, жетекшісі:  Азизова Гүлсара және 11 - сынып оқушысы Аскерова Асылай - 2 орын алды, жетекшісі: Жабаева Айгүл
Кітапхана – білімнің ордасы.
27
ақпан
2026
Кітапхана – білімнің ордасы.
3 "Е" сынып оқушылары бос уақытында кітапханаға барып, әртүрлі қызықты кітаптар оқиды. Кейбіреулері ертегілерді ұнатса, енді бірі ғылыми немесе тарихи кітаптарды таңдайды. Кітап оқу арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, сөздік қоры молаяды. Сонымен қатар, олар тыныштық сақтап, кітапхана ережелерін құрметтеуді үйренеді. Кітапханаға жиі барып кітап оқыған оқушылар сабақты жақсы түсініп, білімді әрі тәрбиелі болып өседі.
Жұма - ұлттық киім күні!
27
ақпан
2026
Жұма - ұлттық киім күні!
Ұлттық киім күні – мектеп өміріндегі тәрбиелік маңызы зор шара. Мұндай мерекелер жас ұрпақтың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттырады.