Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сәуір 2026 года » Страница 9
Ұлттық киімнің әр өрнегі – өткеннен қалған аманат.
03
сәуір
2026
Ұлттық киімнің әр өрнегі – өткеннен қалған аманат.
Ұлттық киімнің әр өрнегі – өткеннен қалған аманат. Мәңгілік сәннен қалмайтын нәрсе – ұлттық рух. Ұлттық киім тек образ емес, ол – тәлім, тәрбие, тарих. Біздің кішкентай жүректер – үлкен дәстүрдің жалғасы. Ұлттық киім киген 1 “А”сынып оқушылары бүгін сыныпқа ерекше рух, ерекше жылулық сыйлады. 🇰🇿✨ Ұлттың болашағы – осындай таза, аппақ балалар…
6 «В» сыныбында сынып жетекшісі Пердебай Қаршыға жетекшілігімен ата-аналар жиналысы өткізілді.
03
сәуір
2026
6 «В» сыныбында сынып жетекшісі Пердебай Қаршыға жетекшілігімен
6 «В» сыныбында  ата-аналар жиналысы өткізілді. 📌 Жиналыс тақырыбы: «2025–2026 оқу жылының III тоқсан қорытындысы және IV тоқсандағы оқу-тәрбие жұмысының міндеттері» Жиналыс барысында келесі мәселелер қарастырылды: 📊 III тоқсандағы оқу үлгерімі мен білім сапасының қорытындысы; 📚 Оқушылардың тәртібі, сабаққа қатысуы және кешігудің алдын алу шаралары; ⚠️ Қауіпсіздік ережелерін сақтау (жолда жүру, интернет қауіпсіздігі, көктемгі кезеңдегі сақтық шаралары); 🎯 IV тоқсанға қойылатын талаптар және
9–11 сынып оқушыларының ата-аналарымен  мектеп инспекторы мен ДТЖЖО түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
02
сәуір
2026
9–11 сынып оқушыларының ата-аналарымен мектеп инспекторы мен ДТЖЖО
02.04.2026 ж күні 9–11 сынып оқушыларының ата-аналарымен мектеп инспекторы: Қырқабаев А.А және ДТЖЖО: Ш.Н. Бейсембекова құқық бұзушылықтың алдын алу, жол ережелерін сақтау, мектеп формасы мен мектеп тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
5 "Е" сыныбында ата-аналар жиналысы өтті.
02
сәуір
2026
5 "Е" сыныбында ата-аналар жиналысы өтті.
Тақырыбы: «2025–2026 оқу жылының III тоқсан қорытындысы және IV тоқсандағы оқу-тәрбие жұмысының міндеттері» Мақсаты: Оқушылардың 3-тоқсандағы оқу жетістіктерімен таныстыру Ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту Бала тәрбиесінде ұлттық құндылықтардың рөлін түсіндіру Күн тәртібінде: 1.2025–2026 оқу жылының III тоқсанындағы оқу үлгерімі мен білім сапасының қорытындысы. 2.Оқушылардың тәртібі, сабаққа қатысуы және кешігудің алдын алу шаралары. 3.Қауіпсіздік ережелерін сақтау (жол
Мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы қарқынды түрде жалғасуда.
02
сәуір
2026
Мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы қарқынды түрде
Мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы қарқынды түрде жалғасуда. Осы орайда тәлімгер Пердебай Қаршыға ұйым мүшелерімен арнайы кездесу өткізіп, танысу жиынын ұйымдастырды. Жиын барысында ұйымның алдағы жоспары талқыланып, оқушылардың белсенділігін арттыру жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, «Әлеуметтік желіні ұйым жұмысында қалай тиімді қолданамыз?» тақырыбында пікір алмасу жүргізіліп, заманауи медианы дұрыс пайдалану бағыттары ұсынылды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар
2 сәуір- балалар кітабы күніне орай " Кітаппен бірге - жаңа әлемге"  атты көрме ұйымдастырылды.
02
сәуір
2026
2 сәуір- балалар кітабы күніне орай " Кітаппен бірге - жаңа әлемге"
N177 мектеп гимназия кітапханасында 2 сәуір- балалар кітабы күніне орай " Кітаппен бірге - жаңа әлемге" атты көрме ұйымдастырылды. Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың ой-өрісін, қиялын және тіл байлығын дамыту. Кітап арқылы адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіріп, білімге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Оқуды күнделікті өмірдің маңызды бөлігіне айналдыруға баулу. 3 "Е" сыныбымен «Ұсқынсыз үйрек» ертегісі тамашаладық.Балалар мейірімділікке, төзімділікке және
Бой сергіт!
02
сәуір
2026
Бой сергіт!
Денсаулықты сақтау үшін, одан да абзалы жиі ауыра берудің алдын алу үшін дене жаттығуын жасаған және қозғалыста болған жақсы. Дене жаттығулары денсаулығын, кемел қуанышты өмірін сақтағысы келген әр адамның күнделікті тұрмысына берік енуге тиіс. 5-6 сынып оқушылар арасында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Үлкенбай Жаңылсын өтті.
Әр бейсенбі күні  - Тазалық күні.
02
сәуір
2026
Әр бейсенбі күні - Тазалық күні.
02.04.әр бейсенбі күні " Тазалық күні" болуына байланысты 5 "Ә" сыныбы өзінің сынып кабинеттеріне тазалық жасады: парталарды, терезе жақтаулары, сөрелерді, орындықтарды, қабырғаларды сүртіп тазалап, өз отырған орындарын таза ұстау керектігіне атсалысты. Жетекшісі : Смаилова Сәбира Әбдумүтәліқызы
7 “Г” сыныбында тазалық күні
02
сәуір
2026
7 “Г” сыныбында тазалық күні
Бүгін 7 “Г” сыныбында тазалық күні ұйымдастырылды. Оқушылар белсенділік танытып, ұйымшылдықпен жұмыс жасап, сыныпты таза әрі жайлы ортаға айналдырды. Әр оқушы өз үлесін қосып, жауапкершілік пен ұқыптылықтың үлгісін көрсетті. 🌱 Тазалық – мәдениеттің белгісі! 🤝 Бірлік бар жерде – тәртіп бар!
"Педагогикалық олимпиада" байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы
02
сәуір
2026
"Педагогикалық олимпиада" байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы
Қалалық педагог шебер мұғалімдер арасында өткен "Педагогикалық олимпиада" байқауында №177 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Амирова Алия 2 орынды иеленді.  Құттықтаймыз!