Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сәуір 2026 года » Страница 7
Мектебіміздің 10-сынып оқушылары мен ұстаздары мектеп ауласын көгалдандыру және абаттандыру мақсатында роза гүлдерін отырғызу жұмыстарын жүргізді.
10
сәуір
2026
Мектебіміздің 10-сынып оқушылары мен ұстаздары мектеп ауласын
10.04.2026 күні мектебіміздің 10-сынып оқушылары мен ұстаздары мектеп ауласын көгалдандыру және абаттандыру мақсатында роза гүлдерін отырғызу жұмыстарын жүргізді. 🌹 Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, еңбекқорлыққа және ұжыммен бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу болды. Сонымен қатар, мектеп ауласын көркейту, жасыл желекті көбейту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру көзделді. Іс-шара барысында оқушылар ұстаздардың
Жұма - ұлттық киім күні!
10
сәуір
2026
Жұма - ұлттық киім күні!
Жұма - ұлттық киім күні. 5 "Ә" сынып оқушылары.
Бүгін 7  сыныптар Ғабит Мүсірепов атындағы театрға барып, ерекше әсерге бөлендік.
10
сәуір
2026
Бүгін 7 сыныптар Ғабит Мүсірепов атындағы театрға барып, ерекше
Бүгін 7 сыныптар  Ғабит Мүсірепов атындағы театрға барып, ерекше әсерге бөлендік. Театр әлеміне саяхат жасап, өнердің құдіретін сезіндік. Оқушылар үшін бұл күн тек демалыс емес, рухани байлыққа толы, тәрбиелік мәні зор сәттердің бірі болды. Сахнадағы актерлердің шеберлігі, қойылымның мазмұны бәрімізге үлкен әсер қалдырды. Осындай мәдени орындарға бару – оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, өнерге деген қызығушылығын оятады. Керемет көңіл-күй, ұмытылмас әсер сыйлаған бүгінгі күн үшін
🔰2026 ЖЫЛҒЫ НЕГІЗГІ ҰБТ-ҒА ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ 11 СӘУІРДЕ БАСТАЛАДЫ
10
сәуір
2026
🔰2026 ЖЫЛҒЫ НЕГІЗГІ ҰБТ-ҒА ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ 11 СӘУІРДЕ БАСТАЛАДЫ
2026 ЖЫЛҒЫ НЕГІЗГІ ҰБТ-ҒА ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ 11 СӘУІРДЕ БАСТАЛАДЫ   Негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11-25 сәуір аралығында жүзеге асырылады. Осы кезеңде талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жоғары нәтижесімен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі беріледі. 11-16 сәуір аралығында өтінішті бір рет, ал 17-25 сәуір аралығында қалауы бойынша екінші рет бере алады. Тестілеудің өзі 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді.   🔗 Толығырақ: gov.kz
Әр бейсенбі күні  " Тазалық күні" болуына байланысты 5 "Ә" сыныбы өзінің сынып кабинеттеріне тазалық жасады.
09
сәуір
2026
Әр бейсенбі күні " Тазалық күні" болуына байланысты 5 "Ә" сыныбы
09.04. Әр бейсенбі күні " Тазалық күні" болуына байланысты 5 "Ә" сыныбы өзінің сынып кабинеттеріне тазалық жасады: парталарды, терезе жақтаулары, сөрелерді, орындықтарды, қабырғаларды сүртіп тазалап, өз отырған орындарын таза ұстау керектігіне атсалысты. Жетекшісі : Смаилова Сәбира Әбдумүтәліқызы
Дененің саулығына жағымды әсер ететін шаралардың бірі-таңертеңгі жаттығу.
08
сәуір
2026
Дененің саулығына жағымды әсер ететін шаралардың бірі-таңертеңгі
Дененің саулығына жағымды әсер ететін шаралардың бірі-таңертеңгі жаттығу. Бойға күш-қуат жинау үшін пайдаланылатын таңғы уақыт-бұл күні бойы жақсы көңіл-күй мен сергектіктің және салауатты өмір салтын ұстанатын денсаулықтың кепілі. 4 "Ғ" сынып дене шынықтыру мұғалімі:Ахметкалиева Асем Менгажиновна
7–11 сынып қыздары арасында сынып жетекшілерінің және мектеп психологтарының қатысуымен қыздар жиналысы өткізілді.
08
сәуір
2026
7–11 сынып қыздары арасында сынып жетекшілерінің және мектеп
07.04–08.04.2026 ж. күндері аралығында 7–11 сынып қыздары арасында сынып жетекшілерінің және мектеп психологтарының қатысуымен қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – жасөспірім қыздар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіп сақтау мәдениетін қалыптастыру, қоғамдағы өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндіру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту болды. Жиналыс барысында қыз балаларға мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, заң
Мектепішілік кіші теннистен 5–11 сыныптар арасында жарыс ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
07
сәуір
2026
Мектепішілік кіші теннистен 5–11 сыныптар арасында жарыс
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні аясында мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру және өз денсаулығына жеке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында мектепішілік кіші теннистен 5–11 сыныптар арасында жарыс ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Жарыс барысында оқушылар өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын көрсетіп, спортқа деген қызығушылықтарын арттырды. Іс-шара оқушылардың денсаулығын нығайтуға, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты
10 "А" сыныбында   "Ата заң - мемлекеттің тірегі" тақырыбында түсіндіру, талдау жұмыстары жүргізіліп баяндалды.
07
сәуір
2026
10 "А" сыныбында "Ата заң - мемлекеттің тірегі" тақырыбында
07.04.2026ж. №177 мектеп-гимназиясында 10 "А" сыныбында "Ата заң - мемлекеттің тірегі" тақырыбында елімізде 15 наурыз күні өткен Конституциялық реформа қорытындысы бойынша қабылданған Конституциядағы толықтырулар мен өзгерістерге оның ішінде Президент, Құрылтай және Вице-президент лауазымына байланысты түсіндіру, талдау жұмыстары жүргізіліп баяндалды. Өткізген: тарих пәні мұғалімі У.А.Танакозова
Таңғы жаттығу – күннің ең жақсы бастауы.
07
сәуір
2026
Таңғы жаттығу – күннің ең жақсы бастауы.
Таңғы жаттығу – күннің ең жақсы бастауы Сергіп, шынығып, жаңа күшпен алға қадам! Бүгінгі еңбек – ертеңгі нәтиже Пән мұғалімі: Садеков А.