Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сәуір 2026 года » Страница 8
№177 мектеп-гимназиясының медбикесі оқушылар арасында «Мен таңдаған жол» атты тақырыпта түсіндіру жұмыстарын жүргізді
06
сәуір
2026
№177 мектеп-гимназиясының медбикесі оқушылар арасында «Мен таңдаған
Дүниежүзілік денсаулық күні аясында №177 мектеп-гимназиясының медбикесі оқушылар арасында «Мен таңдаған жол» атты тақырыпта түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында оқушыларға салауатты өмір салтын ұстану, дене белсенділігін арттыру және өз денсаулығына жеке жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, медбике кабинеттерді аралап, балаларға жеке тазалықтың маңызы туралы айтып, алғашқы жарақат алған жағдайда қандай әрекеттер жасау керектігі жөнінде кеңестер берді.
«Мамандық – өмір таңдауы»
06
сәуір
2026
«Мамандық – өмір таңдауы»
📚 Тақырыбы: «Мамандық – өмір таңдауы» 9 «Ә» сынып оқушыларымен «Мамандық – өмір таңдауы» тақырыбында тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі мамандықтар туралы мәлімет алып, болашақта дұрыс мамандық таңдаудың маңыздылығын түсінді. Оқушылар өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттеріне сай мамандық таңдау жөнінде ой бөлісіп, белсенділік танытты. Мақсаты – оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, еңбекке құрмет сезімін қалыптастыру және болашаққа
📢 Алматы қаласы №177 мектеп-гимназиясында қалалық сейсмикалық жаттығу өткізілді
06
сәуір
2026
📢 Алматы қаласы №177 мектеп-гимназиясында қалалық сейсмикалық жаттығу
📢 Алматы қаласы №177 мектеп-гимназиясында қалалық сейсмикалық жаттығу өткізілді Алматы қаласы №177 мектеп-гимназиясының оқушыларымен қалалық сейсмикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылып, өткізілді. Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – оқушылардың төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру, эвакуациялау жолдарын және қауіпсіз орындарды алдын ала анықтау, сондай-ақ апаттық чемодандарды дайындау дағдыларын қалыптастыру болды. Жаттығу барысында «Назар аударыңыз!» дабыл
4 "В" сыныбында "Мемлекеттік тіл - менің тілім"  тақырыбында сыныптан тыс жұмыс жүргізілді.
06
сәуір
2026
4 "В" сыныбында "Мемлекеттік тіл - менің тілім" тақырыбында сыныптан
4 "В" сыныбында "Мемлекеттік тіл - менің тілім" тақырыбында сыныптан тыс жұмыс жүргізілді. Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің маңызын түсіндіру, ана тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру, мәртебесі мен қоғамдағы рөлін ұғындыру.Ана тілін құрметтеуге, оны дамытуға тәрбиелеу.Тіл арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау. Сынып жетекшісі: Маратова Арай Маратовна
Қауіпсіздік – басты құндылық.
06
сәуір
2026
Қауіпсіздік – басты құндылық.
Қауіпсіздік – басты құндылық Қауіпсіздік – әрбір адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Бүгінгі таңда оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, түрлі қауіп-қатердің алдын алу – мектеп пен қоғамның ортақ міндеті. Осы мақсатта 10 «Б» сынып оқушыларымен «Қауіпсіздік – басты құндылық» тақырыбында тәрбиелік сағат өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері, құқық бұзушылықтың алдын алу, төтенше жағдайларда өзін-өзі
ІІ АПТА ДӘЙЕКСӨЗІ: «Саналы да ерікті еңбек қана адамды бақытқа кенелтеді»
06
сәуір
2026
ІІ АПТА ДӘЙЕКСӨЗІ: «Саналы да ерікті еңбек қана адамды бақытқа
1.«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» құндылығына сәйкес сынып сағаты 2. Қауіпсіздік сабағы (10 минут) 3. «Алматы – таза қала» бағдарламасы (10 минут) 4.«Жол қауіпсіздігі» (10 минут) ІІ АПТА ДӘЙЕКСӨЗІ: «Саналы да ерікті еңбек қана адамды бақытқа кенелтеді»
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің апталығы
06
сәуір
2026
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің апталығы
“Чтение-вот лучшее учение” атты тақырыпта 06-10.04. 2026ж. аралығында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің бірлестігінің апталығы басталды.  Мақсаты: Оқушылардың орыс тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығын арттыру, көркем шығармаларды оқу арқылы олардың ой-өрісін, тіл байлығын және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар, оқушыларды кітап оқуға баулу, әдеби кейіпкерлер арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.
Тақырыбы: “Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік”
06
сәуір
2026
Тақырыбы: “Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік”
Тақырыбы: “Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік” Мақсаты:оқушыларға еңбекқорлықтың мәні мен маңызын жан-жақты түсіндіру, сондай-ақ кәсіби біліктілік ұғымын ашып көрсету. Оқушыларға еңбекқорлық пен табысқа жету арасындағы тығыз байланысты ұғындыра отырып, оларды жауапкершілікке, табандылыққа және өзін-өзі дамытуға баулу көзделеді. Сонымен қатар әрбір мамандықтың артында үлкен еңбек, білім және тәжірибе жатқанын түсіндіру арқылы оқушылардың болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттыру
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында №177 мектеп-гимназиясында мектеп мұғалімдері сенбілік жұмыстарын жүргізді.
04
сәуір
2026
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында №177
2026 жылғы 04 сәуір күні Жетісу ауданына қарасты білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында №177 мектеп-гимназиясында мектеп мұғалімдері сенбілік жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында ұстаздар мектеп аумағын тазалау, айналаны абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. Бұл игі іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін
8 «И» сыныбының экосақшылар тобы табиғатты қорғауға ерекше көңіл бөледі.
03
сәуір
2026
8 «И» сыныбының экосақшылар тобы табиғатты қорғауға ерекше көңіл
8 «И» сыныбының экосақшылар тобы табиғатты қорғауға ерекше көңіл бөледі. Олар үнемі мектеп ауласындағы және сыныптағы өсімдіктерге күтім жасап, уақытында суарып, топырағын қопсытып, тазалықты сақтайды. Әрбір өсімдіктің жақсы өсуі үшін жауапкершілікпен қарап, оларды қорғап, аялауға тырысады. Осындай еңбектерінің арқасында айнала жасыл желекке бөленіп, табиғатқа деген сүйіспеншіліктері арта түседі. Экопост жетекшісі:Жидебаева А.Е