10-сынып оқушылары 28-панфиловшылар саябағында ардагерлермен
№177 мектеп-гимназия 10-сынып оқушылары 11.05.2026ж 28-панфиловшылар саябағында ардагерлермен кездесіп, тағылымы мол күн өткізді. Кездесу барысында оқушылар батырлардың ерлігі жайлы тың мәліметтер алып, ардагерлердің өмірлік тәжірибесімен танысты. Сонымен қатар оқушылар сол жақта орналасқан мұражайға барып, әскери тарихпен және тарихи жәдігерлермен танысты. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың патриоттық рухын нығайтып, тарихқа деген құрметін арттырады. Іс-шара жетекшісі: АӘжТД мұғалімі Құдайберген А.