2025–2026 оқу жылының аяқталуына арналған «Білімім – Отаныма!»
№177 мектеп-гимназиясында 2025–2026 оқу жылының аяқталуына арналған «Білімім – Отаныма!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға білімнің маңызы, ел болашағы үшін сапалы білімнің қажеттілігі түсіндіріліп, адал азаматқа тән қасиеттер — тәртіптілік, еңбекқорлық, ізденімпаздық және оқуға құштарлық туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері (жол, су, үй қауіпсіздігі) түсіндіріліп, табиғатты қорғау бағытында да тәрбиелік жұмыстар