Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 15.05.2026
"Жұлдызыңды жақ, жарқыра , жас маман-2026" мектепішілік жас мамандар байқауы
15
мамыр
2026
"Жұлдызыңды жақ, жарқыра , жас маман-2026" мектепішілік жас мамандар
Мектеп- гимназиямызда 2026 жылғы 15 мамырда “Жұлдызыңды жақ, жарқыра, жас маман!” атты мектепішілік “Үздік жас маман-2026” сайысы өткізілді.  Бұл сайыс жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру және олардың шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Мақсаты:     •    Жас мамандардың кәсіби біліктілігін, шығармашылық қабілетін шыңдау.    •    Мұғалімдік мамандыққа деген сүйіспеншілігін арттыру.    •    Ұстаздық жолдағы ізденіс пен жаңашылдықты насихаттау.    •    Заманауи
№177 мектеп-гимназияға №175 бөбекжай балабақшасының ересек топ балалары  келіп саяхат жасады.
15
мамыр
2026
№177 мектеп-гимназияға №175 бөбекжай балабақшасының ересек топ
15 мамыр күні біздің "№177 мектеп-гимназияға №175 бөбекжай балабақшасының ересек топ балалары келіп саяхат жасады. Балалар мектептің ішкі өмірімен танысып, сынып бөлмелерін аралап, мұғалімдерімен жүздесті. Олар мектепті аралап, болашақ оқушы ретінде өздерін елестетті. Мұндай іс-шаралар балаларды мектепке дайындап, олардың әлеуметтік бейімделуіне оң ықпал етеді.
4 "Д" сынып оқушыларының "Қош бол, бастауыш-балбұлағым" атты бастауышпен қоштасу салтанатты мерекелік іс-шарасы өтті.
15
мамыр
2026
4 "Д" сынып оқушыларының "Қош бол, бастауыш-балбұлағым" атты
15 мамыр күні 4 "Д" сынып оқушыларының "Қош бол, бастауыш-балбұлағым" атты бастауышпен қоштасу салтанатты мерекелік іс-шарасы өтті. Мақсаты: білім негізі-бамтауышта қаланатын окушылық өмірдің бастапқы баспалдағын аяқтаған оқушылардың бастауышта алған өнеге-үлгі, тәлім-тәрбие, өнерлерін ортаға сала отырып, алға мақсат қоя білуге, талпынысқа, ұйымшылдыққа, жан-жақты, саналы азамат болып өсуге, ұстаздың еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Сынып жетекшісі- Жұмаева Нұргүл Оразқызы
Ұлттық киім — ұлтқа деген махаббаттың белгісі.
15
мамыр
2026
Ұлттық киім — ұлтқа деген махаббаттың белгісі.
Ұлттық киім — ұлтқа деген махаббаттың белгісі. Ондағы әр өрнек — ата-бабадан қалған аманат, әр сәні — қазақтың көркем мінезі. Ұлттық нақыш — уақытпен өлшенбейтін сұлулық. Өз мәдениетіңді киіміңмен де көрсет. Қазақы стиль — қарапайым сән емес, ол — рух пен болмыстың үйлесімі. 3 «3» сынып Сынып жетекшісі: Сман Аңсаған Ерланқызы #ҰлттықКиім #ҚазақыРух #ЭтноСән #ҰлттықМұра #KazakhStyle
«Отбасы бақыт  мекені»  тақырыбында  8   сынып оқушылары арасында эссе байқауы  өтті.
15
мамыр
2026
«Отбасы бақыт мекені» тақырыбында 8 сынып оқушылары арасында
15.05.2026ж.Алматы қаласы, Жетісу ауданына қарасты № 177 мектеп –гимназиясында «Отбасы бақыт мекені» тақырыбында 8 сынып оқушылары арасында эссе байқауы өтті. Отбасы – бақыт мекені . Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.