Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектептің 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ) оқытушылары арнайы келіп, түсіндірме
24
ақпан
2026

Мектептің 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ) оқытушылары арнайы келіп, түсіндірме

2026 жылдың 24 ақпан күні мектептің 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ) оқытушылары арнайы келіп, түсіндірме және ақпараттық кездесу өткізді.

Кездесу барысында университет оқытушылары жоғары оқу орнының тарихы, материалдық-техникалық базасы, білім беру бағдарламалары, ғылыми-зерттеу бағыттары және студенттерге жасалған мүмкіндіктер туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, талапкерлерге ұсынылатын мамандықтар, грант мүмкіндіктері, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, халықаралық серіктестік байланыстар және оқу үдерісінің ерекшеліктері кеңінен таныстырылды.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандық таңдау, энергетика, телекоммуникация, ақпараттық технологиялар салалары бойынша білім алу шарттары туралы толық ақпарат алды. Университет өкілдері оқуға түсу талаптары, ҰБТ пәндері, құжат тапсыру мерзімдері және қабылдау ережелері жөнінде нақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу ашық форматта ұйымдастырылып, оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға, жоғары оқу орны туралы толық әрі нақты ақпарат алуына мүмкіндік жасалды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды болды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: