Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7–11 сынып қыздары арасында сынып жетекшілерінің және мектеп психологтарының қатысуымен қыздар жиналысы өткізілді.
08
сәуір
2026

7–11 сынып қыздары арасында сынып жетекшілерінің және мектеп психологтарының қатысуымен қыздар жиналысы өткізілді.

07.04–08.04.2026 ж. күндері аралығында 7–11 сынып қыздары арасында сынып жетекшілерінің және мектеп психологтарының қатысуымен қыздар жиналысы өткізілді.

Жиналыстың негізгі мақсаты – жасөспірім қыздар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіп сақтау мәдениетін қалыптастыру, қоғамдағы өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндіру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту болды.

Жиналыс барысында қыз балаларға мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, заң талаптарын орындау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, буллингтің, ерте жүктіліктің, зорлық-зомбылықтың және басқа да құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, мектеп психологтары қыздарға психологиялық қолдау көрсету, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау, эмоцияны басқару және өзара сыйластық қарым-қатынас орнату туралы пайдалы кеңестер берді.

Оқушылар өз ойларын ортаға салып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты. Жиналыс тәрбиелік маңызы зор, мазмұнды түрде өтті.

#Қыздаржиналысы
#Психологқатысуымен
#Құқықбұзушылықтыңалдыналу
#Тәрбиежұмысы
#Қауіпсіздік
#Жасөспірімтәрбиесі


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: