08
мамыр
2026
№177 мектеп-гимназиясында 9 мамыр – Жеңіс күніне орай тағылымы мол іс-шара өткізілді.
№177 мектеп-гимназиясында 9 мамыр – Жеңіс күніне орай тағылымы мол іс-шара өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ардагерлердің ерлігін ұлықтау және Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру болды. Мерекелік кешке құрметті қонақтар ретінде Сапарбаева Кумбат, Федорченко Надежда, Белозёрова Валентина және Ким Людмила арнайы шақырылып, оқушыларға жылы лебіздері мен ақ тілектерін білдірді. Бағдарлама барысында әскери-патриоттық әндер орындалып, оқушылардың көркем қойылымдары көрсетілді. Сонымен қатар, ерлік пен батырлықты насихаттайтын әсерлі көріністер ұйымдастырылды. Қонақтар мектеп оқушыларының өнеріне жоғары бағаларын беріп, осындай тәрбиелік маңызы зор шаралардың маңыздылығын атап өтті. Іс-шараны ұйымдастырған АӘжТД пәнінің мұғалімі Құдайберген А және №177 мектеп-гимназиясының парламент мүшелері мерекенің жоғары деңгейде өтуіне үлкен үлес қосты
#Almaty_Adalazamat
#Алматы_Адалазамат
#9МамырҰлыЖеңісКүні
#oqu_agartu_ministrligi
#adistemelik_ortalyq_Almaty
#Almaty_Adalazamat
#Алматы_Адалазамат
#9МамырҰлыЖеңісКүні
#oqu_agartu_ministrligi
#adistemelik_ortalyq_Almaty