13
мамыр
2026
5–10 сынып оқушыларына арналған «Интернеттегі қауіпсіздік және жалған ақпараттың алдын алу» тақырыбында профилактикалық түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Алматы қаласы Жетісу ауданы №177 мектеп-гимназиясында 5–10 сынып оқушыларына арналған «Интернеттегі қауіпсіздік және жалған ақпараттың алдын алу» тақырыбында профилактикалық түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Кездесу барысында оқушыларға ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік ережелері, әлеуметтік желілерде таралатын жалған ақпараттардың зияны және олардың алдын алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар кибербуллинг, алаяқтық әрекеттер, күмәнді сілтемелер мен жалған аккаунттардан сақтану туралы маңызды ақпараттар берілді. Оқушыларға ақпараттың шынайылығын тексеру тәсілдері көрсетіліп, танымдық бейнеролик ұсынылды.
Іс-шара соңында білім алушыларға интернетті тиімді әрі қауіпсіз пайдалану, жеке деректерді қорғау және әлеуметтік желілерде мәдениетті қарым-қатынас сақтау жөнінде ұсыныстар айтылды.
Мақсаты: оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамыту, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, жалған ақпараттың таралуының алдын алу және ақпаратты саралай білу қабілеттерін арттыру.