Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2026 жылдың 20 мамыр күні «ТІЛ – ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
20
мамыр
2026

2026 жылдың 20 мамыр күні «ТІЛ – ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

2026 жылдың 20 мамыр күні «ТІЛ – ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағатының мақсаты: мемлекеттік тілді насихаттай отырып, оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл мәдениетін қалыптастыру, шешендік өнері мен ойлау қабілетін дамыту. Оқушыларды өз ұлтын құрметтеуге, елінің мәдениеті мен салт-дәстүрін қастерлеуге, сондай-ақ өзге ұлт өкілдерінің мәдениетіне сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

Міндеттері:
– оқушыларға тілдің ұлт руханиятындағы маңызын түсіндіру;
– мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру;
– оқушылардың сөздік қорын молайтып, еркін сөйлеу дағдыларын дамыту;
– ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы патриоттық тәрбие беру;
– көпұлтты қоғамдағы татулық пен бірлікті насихаттау.

Сынып сағаты барысында оқушылар тіл туралы мақал-мәтелдер айтып, нақыл сөздер мен өлең жолдарын оқып, өз ойларымен бөлісті. Іс-шара оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырып, рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталды.

Пән мұғалімі: Сагындикова Р.Б.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: