21
мамыр
2026
Болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған «Мектепке саяхат» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Мектеп — білім мен тәрбиенің алтын ордасы. Әрбір бүлдіршін үшін бірінші сыныпқа қадам басу — өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі. Осыған орай болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған «Мектепке саяхат» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — балаларды мектеп өмірімен таныстырып, олардың мектепке деген қызығушылығын арттыру, алдағы оқу жылына психологиялық дайындық қалыптастыру.
Саяхат барысында бүлдіршіндер мектеп ғимаратын аралап, сынып бөлмелерімен танысты. Болашақ сынып жетекшісі Маратова Арай Маратқызы балаларды жылы қарсы алып, мектеп ережелері мен оқу құралдары туралы түсінік берді. Әсіресе, түрлі-түсті безендірілген бастауыш сынып кабинеттері балалардың ерекше қызығушылығын тудырды.