Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Ақпан 2026 года » Страница 3
Бейсенбі -тазалық күні.
19
ақпан
2026
Бейсенбі -тазалық күні.
19.02.2026ж Бейсенбі -тазалық күні Бұл күні мектепте тазалық пен тәртіпке көңіл бөлінетін күн. 9”Ә” сыныбының 3- топ мүшелері оқушылардың отыратын парта, орындықтарын тазалап, қоқыстарды арнайы жәшікке тастап, мектеп мүлкін өз орындарына жайғастырды. Тазалық- күні оқушылардың жауапкершілігін арттырып, ұқыптылыққа , еңбексүйгіштікке және ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Бейсенбілік тазалық жұмыстары мектеп ішіндегі тәртіпті сақтауға және айналаны таза ұстауға үлес қосады.
7 "Ә" сыныбы "Жақсылық жасап жарысайық" челленджін басқа сыныптарға жолдайды.
19
ақпан
2026
7 "Ә" сыныбы "Жақсылық жасап жарысайық" челленджін басқа сыныптарға
7 "Ә" сыныбы "Жақсылық жасап жарысайық" челленджін басқа сыныптарға жолдайды. Жақсылық жасаудан жарыс ұйымдастырсақ, әлеміміз мейірімге толар еді. Біреу игі іс бастаса, екіншісі одан қалыспай, тағы бір жақсылық жасар еді. Сонда қоғамымызда түсіністік пен сыйластық арта түсері анық. Сондықтан әрқайсымыз күн сайын ең болмағанда бір жақсы іс жасауды әдетке айналдырайық. Жақсылық жасап жарысайық! Өйткені жақсылық – адамдықтың белгісі.
9–10 сынып ұлдарының қатысуымен «Ұлдардың батылдығы мен мінез-құлқы – болашақ көшбасшының кепілі» тақырыбында тәрбиелік жиын өтті.
19
ақпан
2026
9–10 сынып ұлдарының қатысуымен «Ұлдардың батылдығы мен мінез-құлқы –
19.02.2026 күні мектебімізде 9–10 сынып ұлдарының қатысуымен «Ұлдардың батылдығы мен мінез-құлқы – болашақ көшбасшының кепілі» тақырыбында тәрбиелік жиын өтті. Жиынның басты мақсаты – жасөспірімдердің бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, жауапкершілік сезімін дамыту және өзін-өзі тәрбиелеудің маңызын түсіндіру болды. Жиынды мектеп директоры Т.Т. Танатов ашып, өз сөзінде ұлдардың мінез-құлқы мен жауапкершілігінің өмірдегі орнына, ар-ұят пен тәртіптің маңыздылығына тоқталды. Директор
"Дені саудың-жаны сау" атты тақырыпта 5 сыныптар арасында мектепішілік футбол жарысы өтті.
18
ақпан
2026
"Дені саудың-жаны сау" атты тақырыпта 5 сыныптар арасында
18.02. күні 5 сынып ұлдар арасында “футбол” жарысы өтті.  Мақсаты: спорт арқылы бос уақытты пайдалы өткізу, балалардың лудоманияға қызығушылығын төмендету. Ұйымдастырушылар дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Жаркен Берік, Үлкенбай Жаңылсын және Азаматова Диана Жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды. “Үздік қақпашы” 5 “ Ж” Қасымжан Айбар “Үздік шабуылдаушы” 5 “З” Серік Аяділ “Үздік қорғаушы” 5”Е” Асылхан Нұрислам І орын 5”Д” сынып ІІ орын 5”Г” сынып ІІІ орын 5”А” сынып
«Пионер» бизнес орталығы ғимаратында 11-сынып оқушыларына арналған «Ашық есік» күні өткізілді.
18
ақпан
2026
«Пионер» бизнес орталығы ғимаратында 11-сынып оқушыларына арналған
2026 жылғы 18 ақпан күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істер агенттігі-нің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ұйымдастыруымен Алматы қаласында орналасқан «Пионер» бизнес орталығы ғимаратында 11-сынып оқушыларына арналған «Ашық есік» күні өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге мемлекеттік қызмет саласының маңыздылығын түсіндіру, жастар арасында адалдық, әділдік және кәсібилік
Алматы темір жол көлігі колледжі мамандары мектебімізге арнайы келіп, 9-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізді.
18
ақпан
2026
Алматы темір жол көлігі колледжі мамандары мектебімізге арнайы келіп,
18.02.2026 күні Алматы темір жол көлігі колледжі мамандары мектебімізге арнайы келіп, 9-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізді. Кездесу барысында колледждегі мамандықтар, оқу ерекшеліктері және болашақтағы жұмыс мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пайдалы мәліметтер алды. #АлматыТемірЖолКөлігіКолледжі #АТКК #КәсібиБағдар #МамандықТаңдау #БолашаққаБағыт #9сынып #КәсіптікБілім #БолашаққаБірҚадам
"Дарынды балаларға -талантты ұстаз" байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы
18
ақпан
2026
"Дарынды балаларға -талантты ұстаз" байқауының қалалық кезеңінің
" Дарынды балаларға- талантты ұстаз" атты республикалық педагогтардың кәсіби байқауының қалалық кезеңінде математика пәні мұғалімі Адилбеков Алмаз 2 орынды иеленіп , республикалық кезеңге жолдама алды! Сәттілік серігіңіз болсын!
9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі мамандарымен кездесу өтті.
17
ақпан
2026
9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Алматы энергетика
Бүгін 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі мамандарымен кездесу өтті ⚡️ Кездесу барысында оқушыларға заманауи мамандықтар, энергетика және электронды технологиялар саласының болашағы, оқу мүмкіндіктері мен қабылдау талаптары туралы толық ақпарат берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар алды. Мақсат – әрбір жасқа дұрыс таңдау жасауға көмектесу және кәсіби болашағына
"How to use cartoon in teaching"  (Оқытуда мультфильмді қалай қолданамыз )
17
ақпан
2026
"How to use cartoon in teaching" (Оқытуда мультфильмді қалай
Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған ағылшын тілі пәні бойынша сабақта мультфильм қолданудың әдістері жайлы байқауда  2 дәрежелі диплом алған Мошкалова Перизат  , құтты болсын! 
“Ой мен ойын” тақырыбында сынып сағаты өтті.
16
ақпан
2026
“Ой мен ойын” тақырыбында сынып сағаты өтті.
2 “Г” сыныбындағы сынып сағатында “Ой мен ойын” тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа, шапшаңдыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сынып жетекшісі:Курманалиева Ж.К