Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №177 мектеп-гимназиясының директоры қатысуымен оқушылардың қауіпсіздігі және мектептегі тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиналыс өткізілді.
08
мамыр
2026

№177 мектеп-гимназиясының директоры қатысуымен оқушылардың қауіпсіздігі және мектептегі тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиналыс өткізілді.

08.05.2026 ж. күні №177 мектеп-гимназиясының директоры Т.Т. Танатовтың қатысуымен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және мектептегі тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері және 1–11 сынып жетекшілері қатысты.

Жиналыстың негізгі мақсаты – білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу, мектептің ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылау, сондай-ақ оқушылармен және ата-аналармен жүргізілетін профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру болды.

Күн тәртібінде келесі мәселелер жан-жақты қарастырылып, талқыланды:

– білім алушылар арасында орын алған тәртіп бұзушылық жағдайлары, оның ішінде сабаққа кешігу, себепсіз сабақтан қалу және мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтамау фактілері;
– сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарының жүргізілу барысы мен атқарылған жұмыстардың тиімділігі;
– мектепішілік тәртіптің сақталуын бақылау және мониторинг жүргізу нәтижелері;
– профилактикалық бақылауға алынған оқушылармен атқарылып жатқан жеке жұмыстардың барысы;
– ата-аналармен өзара байланыс пен ынтымақтастық жұмыстарын жетілдіру мәселелері;
– құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған алдағы іс-шаралар жоспарын талқылау және бекіту.

Жиналыс барысында пән мұғалімдері мен сынып жетекшілеріне оқушылардың қауіпсіздігін тұрақты бақылауда ұстау, сабаққа қатысуын қадағалау, құқықтық тәрбие бағытындағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру және ата-аналармен тығыз байланыс орнату бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту және құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту қажеттігі атап өтілді.

Жиналыс қорытындысы бойынша профилактикалық жұмыстарды жандандыру, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және мектепішілік бақылауды жүйелі түрде жүргізу туралы шешім қабылданды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: