Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Мамыр 2026 года » Страница 3
Ұлттық киім — ұлтқа деген махаббаттың белгісі.
15
мамыр
2026
Ұлттық киім — ұлтқа деген махаббаттың белгісі.
Ұлттық киім — ұлтқа деген махаббаттың белгісі. Ондағы әр өрнек — ата-бабадан қалған аманат, әр сәні — қазақтың көркем мінезі. Ұлттық нақыш — уақытпен өлшенбейтін сұлулық. Өз мәдениетіңді киіміңмен де көрсет. Қазақы стиль — қарапайым сән емес, ол — рух пен болмыстың үйлесімі. 3 «3» сынып Сынып жетекшісі: Сман Аңсаған Ерланқызы #ҰлттықКиім #ҚазақыРух #ЭтноСән #ҰлттықМұра #KazakhStyle
«Отбасы бақыт  мекені»  тақырыбында  8   сынып оқушылары арасында эссе байқауы  өтті.
15
мамыр
2026
«Отбасы бақыт мекені» тақырыбында 8 сынып оқушылары арасында
15.05.2026ж.Алматы қаласы, Жетісу ауданына қарасты № 177 мектеп –гимназиясында «Отбасы бақыт мекені» тақырыбында 8 сынып оқушылары арасында эссе байқауы өтті. Отбасы – бақыт мекені . Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.
Қазақтың белгілі ақыны, композиторы және драматургі Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ән ғұмырдың иесі» атты қалалық сынып сағаты өткіз
14
мамыр
2026
Қазақтың белгілі ақыны, композиторы және драматургі Бәкір Тәжібаевтың
14.05.2026ж. күні Қазақтың белгілі ақыны, композиторы және драматургі Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ән ғұмырдың иесі» атты қалалық сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Бәкір Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан зор үлесін насихаттау, ұлттық өнерге деген құрмет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ жас ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру болды. Сынып сағаты барысында оқушылар ақынның өмір
Бастауыш — білімнің алғашқы баспалдағы, балалық шақтың ең бақытты кезеңі.
14
мамыр
2026
Бастауыш — білімнің алғашқы баспалдағы, балалық шақтың ең бақытты
Бастауыш — білімнің алғашқы баспалдағы, балалық шақтың ең бақытты кезеңі. 14.05.2026 күні №177 мектеп-гимназиясының 4 "А"сынып оқушылары бастауышпен қоштасуға арналған «Қош бол, бастауыш!» атты мерекелік іс-шара өткізді. Кеш барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мерекелік кештің басты мақсаты — оқушылардың 4 жыл бойы алған білімдерін, жетістіктерін дәріптеп, ұстаздарына деген алғыс пен құрметтерін білдіру болды. Сонымен қатар
4 «Б» сынып оқушыларының «Балалық шақтан — Болашаққа» атты Бастауышпен қоштасу салтанатты мерекелік іс-шарасы өткізілді.
14
мамыр
2026
4 «Б» сынып оқушыларының «Балалық шақтан — Болашаққа» атты
14.05 күні 4 «Б» сынып оқушыларының «Балалық шақтан — Болашаққа» атты Бастауышпен қоштасу салтанатты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Мақсаты: Білім негізі бастауыштан қаланатын оқушылық өмірдің бастапқы баспалдағын аяқтаған бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салып аяулы ұстаздарымен қоштасып, ата-аналарына алғыстарын білдірді. Ұстаз еңбегін бағалай білуге, жан-жақты білім алуға, саналы азамат болуға тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Ниязова Жадыра Ахметқызы.
5-6 сыныптар арасында «Отбасылық дәстүрлер» атты мектепішілік сурет көрмесі өтті.
14
мамыр
2026
5-6 сыныптар арасында «Отбасылық дәстүрлер» атты мектепішілік сурет
14.05.2026 күні 5-6 сыныптар арасында «Отбасылық дәстүрлер» атты мектепішілік сурет көрмесі өтті. Көрме оқушылардың отбасы құндылықтарын, ұлттық тәрбиені және ұрпақ сабақтастығын бейнелейтін шығармашылық жұмыстарының жиынтығы. Көрмеде балалар өз суреттері арқылы отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сыйластығын, мейірімін, қамқорлығын және қазақ халқының салт-дәстүрлерін әсерлі түрде көрсетті. Әр туындыда туған үйге деген сүйіспеншілік, ата-анаға құрмет, ұлттық мерекелер мен отбасылық мерейлі
Түрксіб ауданы №142 мектеп базасында волейболдан өткен жарыста оқушыларымыз жүлделі орынға ие болды.
14
мамыр
2026
Түрксіб ауданы №142 мектеп базасында волейболдан өткен жарыста
Түрксіб ауданы №142 мектеп базасында волейболдан жарыс өтті. Жарыста Жетісу ауданының намысын қорғаған №177 мектеп-гимназия оқушылары 9–10 сынып қыздар командасы І орын иеленсе, 8-сынып қыздар командасы ІІ орын алды. Жекетшілері: Жумадилов Рауан Садеков Айдар
3-сынып оқушыларымен «Цифрлық сауаттылық» пәні аясында интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
14
мамыр
2026
3-сынып оқушыларымен «Цифрлық сауаттылық» пәні аясында интернет
14.05.2026 ж. күні 3-сынып оқушыларымен «Цифрлық сауаттылық» пәні аясында интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сабақ барысында оқушылар өздеріне таныс интернеттегі қауіпсіздік ережелерін атап, жеке мәліметтерді қорғау, бөгде адамдармен байланысқа түспеу, күмәнді сілтемелерді ашпау және әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану туралы ой бөлісті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың интернетті қауіпсіз пайдалану дағдыларын қалыптастыру, ақпараттық қауіпсіздік
5 "А" сынып оқушыларымен «Көркем шығарма – тіл байлығының көзі» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
14
мамыр
2026
5 "А" сынып оқушыларымен «Көркем шығарма – тіл байлығының көзі»
Алматы қаласы Жетісу ауданы №177 мектеп-гимназиясында мемлекеттік тілді қолдау және оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, сынып жетекші Амирова А. К. 5 "А" сынып оқушыларымен «Көркем шығарма – тіл байлығының көзі» тақырыбында танымдық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында оқушылар сыныппен жыл бойы қызыға оқыған «Ақ желкен» журналындағы қызықты мақалалар мен тәрбиелік мәні бар шығармалар туралы пікір алмасты. Сонымен қатар көп
2 «Б», «В», «Г», «Ж» сынып оқушыларының қатысуымен «Отбасылық құндылықтар және ұлттық тәрбие» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
14
мамыр
2026
2 «Б», «В», «Г», «Ж» сынып оқушыларының қатысуымен «Отбасылық
Алматы қаласы Жетісу ауданы №177 мектеп-гимназиясында 2 «Б», «В», «Г», «Ж» сынып оқушыларының қатысуымен «Отбасылық құндылықтар және ұлттық тәрбие» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға отбасының қоғамдағы рөлі, ата-анаға құрмет көрсету, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, ұлттық салт-дәстүрлер мен адамгершілік құндылықтардың маңызы туралы кеңінен түсіндірілді. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, отбасы туралы мақал-мәтелдер айтып, ұлттық тәрбиенің адам өміріндегі